Ірі шетелдік әуе тасымалдаушылары Астана әуежайымен ынтымақтастықты жоспарлап отыр
Астана әуежайы соңғы жылдары әуежай базасында мультимодальды, сауда-логистикалық хаб құру бойынша әзірленген бас жоспарға сәйкес бағдарламаны белсенді іске асыруда. Осы жұмыс аясында CargoLux және Turkish Airlines сияқты ірі жүк тасымалдаушылардың аудиттері сәтті өтті. Бұл компаниялар өз жұмысын жақын арада бастауды жоспарлап отыр.
«Мамыр айында осы тасымалдаушылардың тұрақты рейстерін орындау бағдарламасы басталады. Айта кету керек, әуежай инфрақұрылымды жаңартып қана қоймай, қызмет көрсету үшін арнайы техникаларды сатып алады, соның ішінде осы тапсырманы орындау үшін стандартты емес әдістер мен тәсілдер қолданылады. Атап айтқанда, техникалық компаниялардың аудитінен жедел өту үшін шарт жасалып, пайдаланудағы деайсингтік мұздан тазартатын машиналар жеткізілді. Осы машиналардың келуімен әуежай мұздануға қарсы сұйықтықты кем дегенде 40 пайызға үнемдеуге мүмкіндік алды. Оның ішінде жел жүктемесі 15 м/с жоғары болған кезде, нашар ауа-райында өңдеуді жүргізу керек», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әуежай персоналды қайта даярлау бойынша оқытуды үнемі жүргізеді, жоғары білікті қызметкерлер саны артып келеді. Перрондағы әуе кемелеріне қызмет көрсету сапасын бақылайтын арнайы сапа бөлімі құрылды және әуежайдың жүк аймағын кеңейтуге инвестициялар бағдарламасы іске асырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, әуежай базасында фармацевтикалық хаб, авиабөлшектерге арналған хаб, сертификаттық хаб және т.б. бірнеше мамандандырылған хабтар құру жоспарлануда.