«Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құрды деген күдіктілер ұсталды
Фото: Shutterstock
Қаржы мониторингі агенттіігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
«Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді. Айта кету керек, «Chia Tai Tianqing» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген. Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда» делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Сондай-ақ, «Chia Tai Tianqing» әрекетінен зардап шеккен адамдарды ҚМА саll-орталығына хабарласуға шақырады.