Венгрия Украинадан бал мен бірқатар ет өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салды

Жарияланды

Венгрия Украинадан импорттауға уақытша тыйым салынатын өнімдер тізіміне бал мен кейбір ет өнімдерін қосты. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

«Біз әрқашан Украинаға көмектесуге дайынбыз. Бірақ ынтымақтастық Венгрия фермерлерін, елдің экономикасын бұзбауы керек екенін түсінуіміз керек. Соңғы кездері біз Венгрияның ауылшаруашылық нарығына нұқсан келгенің көріп жүрміз», – деді Венгрия премьер-министрінің кеңсесінің басшысы Гергели Гуляш баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Венгрия премьер-министрі бал мен еттен басқа, Венгрия 30 маусымға дейін 25 украин өнімдерін, соның ішінде астық, майлы тұқымдар, ұн және өсімдік майын импорттауға тыйым салғанын еске салды. Сондай-ақ, билік бұл өнімдердің Украинадан келмейтініне көз жеткізу үшін импортты бақылайды.

Сондай-ақ оқыңыз