Алматыда көлік тұрағының ақысы көтерілуі мүмкін

Жарияланды
Көлік тұрағы
Фото: Kursiv.media

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясында қаладағы көлік тұрағының ақысын көтеру мәселесі талқыланды. Тұрақ ақысының көтерілуі мүмкін екенін қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Көлік тұрағының орнын анықтағаннан кейін, тұрған ауданына қарай тұрақ орнына төлейтін ақыны ұлғайтатын боламыз. 1-шілдеге қарай, өкінішке орай дайындалып үлгермейміз, алайда қыркүйек айының басында бұл жұмыс аяталатын болады», деді Ерболат Досаев.

Әкімнің сөзінше Алатау ауданында немесе Медеу ауданынан шығып кететін тұста бір тариф болады. Дегенмен, Досаевтың айтуынша, қаланың тарихи орталығына қарай көлік тұрағының ақысы қымбатырақ болады. Ал, көлік тұрағының ақысынан түскен қаражат аудандардың халық қатысатын бюджет жобасына теңдей бөлініп отыратын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясында қаланың 2023 жылға арналған бюджеті мен қаланы дамытудың 2040 жылға дейін Бас жоспары бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыз