Астанада шахматтан ашық турнир – Kazakhstan Chess Cup өтеді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылғы 23-30 сәуір аралығы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында
шахматтан ашық турнир – Kazakhstan Chess Cup өтеді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.

Көрермендер әлемдік деңгейдегі ең мықты шахматшылардың жекпе-жегін тамашалай алады.

Үздік шахматшы атағы үшін Александр Рахманов (FIDE), Тамир Набати (Израиль), Тимур
Гареев (АҚШ), Виталий Сивук (Украина), Денис Махнев (Қазақстан) және т.б. бақ сынасады.
Ашық турнирге қатысушылардың рейтингі есепке алынбайды, жарнасын төлеген және 2-
санаттан төмен емес шахматшылар жіберіледі. Жарнасыз – гроссмейстерлер, әйелдер
арасындағы гроссмейстерлер, 2400 және одан жоғары рейтингі бар шахматшылар қатысады.
Қатысушылар 200 адамна аспайды.

Kazakhstan Chess Cup – шахматшыларға мықты қарсыластарымен тікелей ойнауға тамаша
мүмкіндік. Жеңіске жеткен немесе тең түскен жағдайда турнирге қатысушылар өз рейтингтерін көтеру мүмкіндігін иеленеді.

Бұл іс-шара Швейцария жүйесі бойынша 9 турда, FIDE ережелері бойынша халықаралық
рейтингті ескере отырып өткізіледі. Уақытты басқару: 90 минут, әр қадамға 30 секунд қосылады.

Kazakhstan Chess Cup 2023 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионаты аясында өтеді,
басты серіктес –Freedom Holding Corp.

Ересектер Кубогін ұйымдастырушылар – FIDE Халықаралық шахмат федерациясы және Астана
қаласы спорт басқармасының қолдауымен Қазақстаy шахмат федерациясы. Жүлде қоры – 23 000 000 теңге.

7 сәуір күні Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды. Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін таласта қытайлық Дин Лижэнь жеңген еді. Әлем чемпионаты аясында рет бір елдің шахматтан әйелдер құрамасы әлем құрамасына қарсы ойнады.

Сондай-ақ оқыңыз