Электр станциялары шығынға батып отыр: электр энергиясы қымбаттайды

Жарияланды
Китайская компания сохраняет интерес к модернизации Экибастузской ГРЭС-2

Фото: kursiv.media

Қазақстанның электр станциялары шығынға батып отыр. «Самұрық-Энерго» басшысы Серік Түйтебаев бүгін Алматыда ЖЭО-2-де өтіп жатқан «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, тарифтерді тежеу саясаты жылу энергиясын өндірушілерді шығынға батырады.

«Мысалы, Алматыдағы «АлЭС» компаниясының шығыны соңғы 5 жылда шамамен 6 млрд теңгені құрады. Көбінесе электр станцияларының электр энергиясын өндіру үшін жағатын көмірге төлейтін қаражаты жоқ. ҚР энергия өндіруші ұйымдарының «Богатырь Көмір» ЖШС алдындағы жалпы берешегі шамамен 6,4 млрд теңгені құрайды», деді Серік Түйтебаев.

Бұған қоса, сыртқы саяси жағдайға байланысты жабдықтардың бағасы одан әрі өскен. Мысалы, бу қазандықтары мен құбыржолдарға арналған құбыр екі жылдың ішінде 3,5 есе қымбаттады.

Сондықтан алдағы уақытта электр энергиясы қымбаттайды. 2023 жылы Алматы электр станциялары» (АлЭС) мен Екібастұз ГРЭС-1 өндіретін қуатты 24-25 пайызға, ал Екібастұз ГРЭС-2 өнімін 46 пайызға қымбаттату жоспарланған.

«Электр станцияларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін АлЭС және ЭГРЭС-1 үшін тарифті 24-25 пайызға, ЭГРЭС-2 үшін 46 пайызға көтеру болжанған. Нәтижесінде «АлматыЭнергоСбыт» тарифі 12% өседі, бұл орташа тұтынушының шығынына айына 586 теңгені қосады», – деді «Самұрық-Энерго» басшысы.

 «Самұрық-Энерго»АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, оның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т. б. кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз