Корпоративтік есеп пен статдеректер жариялана сала, АҚШ индекстері құлдырады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Бейсенбі күнгі сессияда АҚШ қор индекстері құлдырап, нарық кызыл түске боялды. 22 наурыздан бері ақырын көтеріліп келе жатқан S&P 500 қатты құлдырады, деп жазады MarketWatch.

Бұған дейін нарық жаңа есептерді күтіп отырғаны айтылған еді. Кеше инвесторлар корпоративтік есеп пен еңбек нарығының статистикасын бағалады.

Өткен аптада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға алғаш рет өтініш білдірген америкалықтардың саны 5 мыңға артып, 245 мыңға жеткен. Түзетілген мәлімет бойынша, бір апта бұрын жәрдемақы алуға өтініш бергендердің қатары 239 мың емес, 240 мың болған.

Сарапшылар S&P 500 индексі 3800-ден 4200 тармақ арасындағы тар диапозанда саудаланып жатқанын айтады. Кең нарық индексі 0,6%-ға төмендеп, 4 129,79 тармақты құрады. Индекстегі бұкіл сектор сауданы қызыл түспен аяқтаған.

Dow Jones индустриялық индексі 0,3%-ға төмендеп, 33 786,62 тармақты құрады. Walgreens Boots Alliance дәріхана желісі, Visa төлем жүйесі және Johnson & Johnson фармацевтикалық компанияларының акциялары өскен. Verizon Communications телекоммуникация компаниясы, Cisco Systems технологиялық конгломераты және Travellers Companies сақтандыру компаниясының бағалы қағаздары аутсайдерлер қатарында.

Nasdaq Composite Technology Index 0,8%-ға төмендеп, 12 059,56 тармақты құрады. Lam Research, KLA Corp және Applied Materials акциялары жақсы өсті. Ал Tesla мен Lucid Group, Marvell Technology компанияларының акицялары арзандады.

Қандай компаниялар назарда болды?

Tesla акциялары сессияның соңына қарай 9,8%-ға төмендеді. Электр көлік өндірушісі бірінші тоқсандағы таза кірісін 24,2%-ға қысқарқан. Сонымен қатар, компания басшысы Илон Маск Tesla нарықтағы үлесін арттыру үшін кірісті құрбан етуге дайын екенін мәлімдеді.

Сол күні International Business Machines машиналары 0,1% өсті. Компьютер өндірушісінің қаңтар-наурыдағы таза кірісі 26,5%-ға артқан, бұл нарық болжамынан да жоғары.

Америкалық теміржол операторы Union Pacific Corp бірінші тоқсандағы кірісі 3 пайызға өскенімен, таза пайдасы өзгермеген. Компанияның капиталдандыруы 0,3%-ға өсті.

American Express Co. акцияларының бағасы 1%-ға төмендеді. АҚШ-тың пластикалық карталар нарығындағы көшбасшылардың бірі 2023 жылдың бірінші тоқсанында кірісті 22%-ға арттырғанымен, таза табысы сарапшылар күткеннен де көп төмендетті.

AT&T Inc нарықтық құны 10,4%-ға төмендеді. Телекоммуникация компаниясының бірінші тоқсандағы таза кірісі 12%-ға төмендеген.

The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасап, осы демалыс күндері банкротқа ұшырауы мүмкін деп хабарлағаннан кейін Bed Bath & Beyond акциядлары бірден 35% арзандап кетті.

KASE индексі 0,06%-ға өсіп, 3 493,9 тармақты құрады. Акциялары биржа индикаторына енгізілген жеті компания акцияларының саудасы оң мәнде аяқталды.

Лондон қор биржасында Қазатомөнеркәсіп бағалы қағаздарының бағасы 2,2%-ға өсіп, $29,8 құрады, Халық банкінің ЖДҚ құны керісінше, 0,8%-ға арзандап, $11,9-ға дейін төмендеді, Kaspi акцияларының бағасы өзгерген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз