Әлемдік нарықта мұнай арзандады

Жарияланды
Мұнай бағасы арзандады

Фото: kursiv.media

Федералды резерв жүйесінің АҚШ экономикасы жайлы деректерінен кейін, мұнай бағасы арзандап кетті. Бұл мәліметтер кейінгі кезде АҚШ экономикасы өсім көрсетпегенін байқатады.

Қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының пайымдауынша, АҚШ экономикасының рецессияға енуі әлемдік мұнай сұранысының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Бейсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы арзандауын жалғастырды. ФРЖ мәліметтерінен кейін, қара алтын бағасы -2,8 пайызға төмендеп, барреліне 80,8 доллардан саудаланды.

Мұнай трейдерлері соңғы айда АҚШ-тағы экономикалық белсенділік артпағанын байқаған. Сонымен қатар, елде жеке және заңды тұлғаларға несие беру мен несиеге сұраныстың азайғаны байқалады. Сәйкесінше, мұнай нарығы өкілдерінің АҚШ-тағы қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты, мұнайға деген жаһандық сұраныс азаяды деген қорқынышы бар.

Бұған дейін нарық жаңа есептерді күтіп отырғаны айтылған еді. Корпоративтік есеп пен статдеректер жариялана сала, АҚШ индекстері құлдырады Кеше инвесторлар қайшылыққа толы корпоративтік есеп пен еңбек нарығының статистикасын бағалаған.

Сондай-ақ оқыңыз