Оңтүстікте шетелдік азамат жарылғыш затпен террорлық әрекет жасамақ болған

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстанда шет елден келген азамат жасамақ болған террорлық әрекеттің алдын алды. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жыл басынан бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шет елдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды» делінген хабарламада. 

Комитет дерегінше, елордада радикалды діни ағым құрған топтың әрекетіне тоқтау қойылған.

«Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.  

ҰҚК ақпаратына сәй»кес, осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталыпты.

Комитет мәліметінше, аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығу өткізілген. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.  

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.

Наурыз айының соңында ҰҚК 30 келі апиын сатпақ болғандардың жолын кескен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз