Жаңалықтар

Петропавлда сепаратистік «Халық кеңесі» ұйымының 3 мүшесі 2 айға қамауға алынды

Сепаратистік ұйым
Фото: Shutterstock

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Халық кеңесі» ұйымының 3 мүшесі 2 айға қамауға алынғанын хабарлады.

«2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен  барлық үш фигурантқа  қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды», делінген қалалық прокуратура таратқан ақпаратта.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 18 сәуірде  Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі – қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу және 180-бабы 2-бөлігі Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату бойынша қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны үшін  ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Халық кеңесінің» үш мүшесін ұсталғаны хабарланған.

Наурыз айында Солтүстік Қазақстанда «Халық кеңесі» тобын құрып, өздерін «КСРО ізбасары» деп жариялағысы келгендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық-процестік Кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.