Президент Ораза айт мерекесімен құттықтады

Жарияланды
акорда
Фото: архив Kursiv.media

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі. Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар»,деді Президент.

Мемлекет басшысы «Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке» екені айта келіп, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз деді.

«Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын!», деді Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз