Қазақстандық стартап-кәсіпкер StartX клубы құрамына кірді
Жарияланды
Қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет Стэнфорд университетіне қарасты беделді StartX клубының құрамына кірді. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
«Бұл – қазақстандық ІТ-индустрия үшін үлкен оқиға. Cerebra жобасының StartX-ке қабылдануы Қазақстанның озық DeepTech технологияларды шығара бастағанын дүниежүзіне әйгілейді. Аталған оқиға қазіргі таңда CatGPT сынды жасанды интеллект түрлері дамып жатқанда, біздің қол қусырып отырмағанымыздың айқын бір көрінісі. Себебі, Cerebra жасанды интеллекттің базасында жасалған. Ол Қазақстанда инсультті сапалы диагностикалау және осы патологиядан мүгедектік пен өлім- жітім деңгейін төмендету үшін құрылған», – деп жазды министр.