Қостанай облысында 60 тоннадан астам арпа орнына бидай әкелудің жолы кесілді

Жарияланды

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Ресей Федерациясынан бидай әкелу әрекеттерін жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
 
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде жалпы салмағы 60 тоннадан асатын
бидай әкелудің 2 әрекеті тоқтатылды.
 
Әкелу әрекеттері бидайды арпаның жұқа қабатымен жабу арқылы, сондай-ақ тауарлардың барлық партиясы «Арпа» деп мәлімделген жалған ілеспе құжаттарды қолдану арқылы жүзеге асырылмақ болған.
 
Мемлекеттік шекарадағы көлеңкелі тауар айналымын анықтау және қысқарту жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күшейтілетін болады.
 
Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №132 бұйрығымен 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелуге тыйым салынғанын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыз