
Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың тоғызыншы партиясы тең аяқталды. Бұл туралы Championat.com.хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, тоғызыншы партия шиеленісті болды. Ағымдағы титулдық матчта алғаш рет партия 60-тан астам айналымға созылды. Тек 82-ші қадамда қарсыластар тең түсуге келісті.
Сенбі, 22 сәуірде шахматшылар демалады. Келесі партия 23 сәуірде өтеді.
7 сәуірден 1 мамырға дейін елордада 2023 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч өтеді.