Индонезияда екі жер сілкінісі болды
Жарияланды
Бүгін Индонезия жағалауында екі жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Жексенбіде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4 шамасында Кепулауан Бату аймағында 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Бірнеше сағаттан кейін магнитудасы 5,8 болатын екінші жер сілкінісі тіркелді.
Қиратулар мен құрбандар туралы деректер болған жоқ.
Тақырыпқа орай