Украина президенті азаматтық алудың жаңа ережелерін бекітті

Жарияланды
Паспорт Украины
Фото: Vista Create

Украина президенті Владимир Зеленский 21 сәуірде Украина азаматтығын алудың жаңа ережелері туралы заң жобасына қол қойды. Бұл туралы РБК-Украина хабарлады.

Заң жобасына сәйкес, енді Украина азаматтығын алғысы келетіндер украин тілін, ел тарихын және Конституциясы бойынша емтихан тапсыру керек.

Украина азаматтығын алу үшін емтихандарды арнайы орындарда онлайн форматта тапсыруға болады.

Жеделдетілген процедура бойынша Украина азаматтығын алғандарға екі жыл ішінде емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз