Алматыда тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алуға кеңес берілмейді

Жарияланды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Қала құрылысы басқармасы тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алуға кеңес берілмейтінін ескертеді.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары заңсыз салынып жатқан тұрғын үйдің пәтерін сату туралы хабарландырудың жарияланғанын анықтады. Жаңа пәтер Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison ТҮК-де болып шықты, делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, бұл жер телімінің нысаналы мақсаты жерасты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу және пайдалану екен, ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған.

Қала құрылысын бақылау басқармасы құрылысты тоқтату тұру үшін сотқа талап арыз берді. Экономикалық тергеу департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолданды.

«Қала құрылысын бақылау басқармасы қала тұрғындарын сақ болуға шақырады. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына қоңырау шалып, ТҮК тиісті құжатының бар-жоғын тексеруге болады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз