Алматыда жер бөлу кезінде шенеуніктер заңсыз әрекеттерге барған, шығын 500 млн теңге - Антикор

Жарияланды
Алматы
Фото: Kursiv.media

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыр агенттігі Алматы әкімдігімен бірлесіп тау бөктеріндегі аудандарда жер бөлу және құрылыс салу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде. Алдын-ала зерттеу құрылыстың барлық кезеңдерінде жемқорлық әрекеттің болуы ықтимал екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, жерді бөлу кезінде шенеуніктер заңсыз әрекеттерге барғаны болуы мүмкін. Салдарынан функционалды аймақтар мен жердіңі нысаналы мақсаты өзгереді, кадастрлық құн толығымен төленбейді.

Қалада Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнаманы бұзу фактілері анықталған.

«2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286 гектарға жуық жер аударылды. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді.»2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286 гектарға жуық жер аударылды. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді» делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласының қолданыстағы Бас жоспары 2011 жылы өзектілігін жойғанына мән беріп олтыр. Ал жаңа Бас жоспар әлі бекітілмеген.

«Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі аймағында 5 000-ға жуық нысан бар. Оларда 26 мың адам тұрады. Мысалы, Набережная көшесінде тік беткейдің астында сары топырақтарында 12 тұрғын үй салынған. Соңғы екі жылда ландшафтты заңсыз өзгертудің 26 фактісі анықталды», делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік дерегінше, Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі учаскелердің бірінің иесі рұқсат құжатсыз тауды күреп, 100 мың текше метр топырақты шығарып тастаған. Осылайша, сату мақсатында бұл жерді 50 тәуелсіз учаскеге бөлінген.

«Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді. Алдымен Бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі. Осындай 900-ден астам факт анықталды», делінген агенттік дерегінде.

Агенттіктің анықтауынша, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған. Осы процестерге бақылаудың болмауы бюджетке тиісті төлемдердің түспеуіне әкеп соғады екен.

«Соңғы үш жылда алдын ала деректер бойынша нысаналы мақсаты өзгерген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам төленбеген. Сонымен қатар, тектоникалық үзілім аймақтарында жерлер шығарылды. Осылайша, жеке компанияның бірі аукцион өткізбестен медициналық орталық салу үшін инвестициялық жоба түріндегі Қазақфильм ауданында жер учаскесін жалға алды. Кейін аяқталмаған нысан пайдалануға берілді», делінген ақпаратта.

Алматы тұрғындары арасында тау бөктеріндегі аймақтың құрылысы ерекше резонанс туғызады. Рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды.

«Сәулет органдары жеке үй құрылысының эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады. Бұл үйлерді суға және жылуға қосу үшін қолда бар техникалық шарттар да ескерілмейді. Мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар жоқ. Үйлердің қабаттылығы, зираттардан санитарлық-қорғау аймағын қамтамасыз ету бойынша талаптар бұзылады. Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, іргелес аумақ: тротуарлар, серуендеу аймақтары және балалар алаңдары есебінен салынып жатқан тұрғын үй алаңын ұлғайтады» делінген хабарламада.

Осы заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық істер тергелуде. Олардың шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады. Талдау жалғасуда. Оның түпкілікті нәтижелері бойынша атқарушы және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз