ЕуроОдақ Ресей арқылы жүк тасымалына тиым салуды қарастырмақ
Еропа Одағы Польша мен өзге де мемлекеттердің Ресей арқылы жүк тасымалына тиым салу туралы ұсыныс қарастырып жатыр. Бұл туралы Интерфакс Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«ЕуроОдақ Ресей арқылы көптеген тауарларды тасымалдауға тиым салу мәселесін қарастыруға ниетті(…). Тиым технология мен тауарлар, бірқатар көлік құралдарына қатысты болуы ықтимал «, – деп жазады басылым.
Бұл шара Еуропалық комиссия қазір қарастырып отырған Ресейге қарсы салынатын жаңа санкциялар пакетінің бір парасы болуы мүмкін.
«Польша, Эстония және Литва Ресей арқылы тауарлар мен технология және Мәскеудің өндірістік әлеуетін нығайтуға ықпал етуі мүмкін тауарларды тасымалдауға ЕуроОдақтың тиым салуын сұрап отыр. Өйткені, бұл технология ресейлік әскери, авиация, ғарыш өнеркәсібі саласында қолданылуы мүмкін», – деп жазды агенттік.
ЕуроОдақ қазіргі таңда Ресейге қарсы 11-ші санкция пакетін әзірлеуді бастап кетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен жаңа санкциядлар пакеті қазіргі шектеулерді айналып өтуді болдырмауға бағытталатынын мәлім еткен болатын.
Алайда, мақала авторлары бұл шектеулер «Росатом» компаниясына қатысты болмауы мүмкін екенін атап өтеді. ЕуроОдақ енгізген санкцияларды мақұлдау үшін ұйымның барлық мүшесінің келісімі қажет.