Осы жылдың соңғы үш айында елде 4 мыңнан аса интернет алаяқтық тіркелген. Салдарынан азаматтар 3 млрд теңге шығынға ұшыраған. Бұл жайлы Қазақстан Ішкі Істер Министрлігі Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.
«Қоғамды цифрландрудың қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Қазір онлайн режиде мемлекеттік сондай-ақ банктік және өзге де қызметтерді оңай алуға болады. Өкінішіке орай мұны алаяқтар да белсенді қолдануда. Осы жылдың соңғы үш айында 4 мыңнан аса интернет алаяқтық тіркелген. Бұл алаяқтық әрекеттер нәтижесінде азаматтар 3 млрд теңге шығынға ұшыраған.Олардың ең көп тараған тәсілі онлайн сауда. Белгілі сауда алаңдарының сайттарында сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама орналастырылады. Онда алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағаларын көрсетіп, алдын-ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді» дейді Жандос Сүйінбай.
Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының өкілі алаяқтардың құбаны болмау үшін азаматардың қауіпсіздік шараларын ұстануы қажет екенін ескертті. Біріншіден жарнама сайттарын тексеру керек. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін ғана төлем төлеу қажет. Үшіншіден, тауардың нақты бар екеніне көз жеткізу қажет.
Онлайн сатудан кейін кең тараған тағы бір тәсіл инвестициялық салымдар. Соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтық әрекеттердің саны артқан. Көбінде азаматтар өзінің сенгіштігі мен ашықтығына байланысты ақшаны тез көбейту схемаларына алданып қалып жатады. Жыл басынан бері 500-ден астам азамат осындай схемалардың құрбаны болған. Олар ақшасын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салған. Тіпті кейбір азаматтар осы мақсатта үлкен көледе несие рәсімдеген.
«Жеңіл ақша іздеп, жинақтарын жоғалтты. Олар көбінде ұлттық банк пен компаниялардың, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы ақпарат таратады. Кей жағдайда алаяқтар үлкен қаражат тарту үшін бір реттік дивиденттер де төлейді», дейді департамент өкілі.
Сондай-ақ азаматтар сенгіштігінң арқасында өз еріктерімен несие рәсімдеп, олардың нұсқаулықтары бойынша телефондарына қашықтықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларын орнатып жатады. Сонымен бірге банктерден келіп түскен смс хабарлама кодтарын да хабарлап қояды. Осылайша алаяқтар азаматтардың өздерінің көмегімен банк қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді. Тіпті кейбір азаматтар алаяқтардың арбауына сеніп, қолда бар мүліктерінен, пәтер немесе автокөліктерінен айырылып жатады екен.
Алаяқтық әрекеттер барынша қадағаланып отырғанына қарамастан соңғы үш айда банк қызметкерлерінің атынан 400-ден аса қылмыс жасалған. Олардың басым бөлігі онлайн қарыздарды рәсімдеумен байланысты екен.
«Жаңа қауіптердің пайда болатынын ескере отырып ІІМ аяляқтыққа қарсы үш жылдық бағдарамасын әзірледі. Азаматтар мына маңызды нәрселерді есінде сақтауы керек. Ешкім өзінің дерес деректерін, абоненттік нөмірлерін және банк карталарын бөтен адамға айтпауы тиіс», дейді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.