Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Астанада өткен Қазақстан-Чехия бизнес-форумының қорытындысы бойынша жалпы құны 230 млн еуро құрайтын келісімге қол қойылдыБизнес-форум қорытындысы бойынша: Skoda Transportation компаниясымен EGAP экспорттық сақтандыру агенттіг және Чехия экспорттық банкімен және Тransco компаниясымен меморандумға және басқа да құжаттарға қол қойылды.
Іс-шараға екі ел Үкіметтерінің басшылары Әлихан Смайылов пен Петр Фиала, мемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысты. Бизнес-форум аясында пленарлық отырыс өтіп және B2B форматында екіжақты кездесулер болды.
Әлихан Смайылов өз сөзінде қазіргі уақытта республика аумағында 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
«Чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске қосуға қызығушылық танытуы – біздің еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалдың шынайы көрінісі. Бізде серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар», — деді Әлихан Смайылов.
Ол Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып қала беретінін еске салды. Осылайша, тәуелсіздік жылдарында республика $410 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға қол жеткізді.
Бұдан бұрын, Чехия премьер министрі Петр Фиаланы қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын.