Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ресейден автомобиль көлігімен астықтың «сұр» импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ол азаматтар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде ресейлік астықты экспорттаған.
«Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда» делінген хабарламада
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.