Алматы қаласы ҰҚКД бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды

Жарияланды

Алматы қаласындағы Алмалы аудандық соты Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды.

Ол ҚК 362-б., 4-бөлімі бойынша, билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен М. ҚК-нің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды» делінген ақпаратта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мажиловтың ұсталғаны туралы өткен жылы 14 наурызда Бас прокурор Берік Асылов мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз