Жаңалықтар

АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның 11 шенеунігіне Ислам Республикасында адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар деп айыптап, санкциялар енгізді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен «Ирандағы жалғасып жатқан құқық бұзушылықтарды» айыптады.

«Біз Иран режимінің қатыгез тұлғасына тап болған иран халқының бостандықтары мен құқықтарын құрметтеуге қойылатын талаптарды қолдауға бел будық», – деді американдық дипломатия басшысы.