Жаңалықтар

ДДҰ Судандағы қақтығыста қауіпті аурулардың үлгілері бар зертхананы басып алғанын хабарлады

ДДҰ мәліметтері бойынша, Суданда содырлар полиомиелит, тырысқақ және қызылша сияқты қауіпті аурулардың үлгілері бар орталық мемлекеттік зертхананы басып алған. Бұл туралы РБК хабарлады.

ДДҰ-ның Судандағы өкілі Нима Саид Абид қауіпті аурулардың үлгілері бар зертхананы қақтығыс тараптарының бірі басып алғанын хабарлады.

«Денсаулық сақтау жүйесінің орталық зертханасын басып алуға байланысты үлкен биологиялық қауіп бар», – деді ол.

«Бұл өте қауіпті, өйткені бізде зертханада полиомиелит, қызылша, тырысқақ үлгілері бар», – деп атап өтті Нима Саид Абид.

Ұйымның соңғы мәліметтері бойынша, Судандағы қақтығыс нәтижесінде 450-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шекті.