Джо Байден келесі жылы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді
АҚШ президенті Джо Байден келесі жылы президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-де хабарлады.
«Америкалықтардың әр ұрпағы демократияны қорғауға, жеке бас еркіндігі үшін күресуге, сөз бостандығы мен азаматтық құқық үшін күресуге тура келген сәтті бастан өткерді. Осындай сәт біз үшін де туындап отыр», – деді Байден.
Ол американдықтарды өзінің сайлау науқанын қолдауға және «басталған жұмысты аяқтауға»шақырды. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті қатарынан екі мерзімге сайлануы мүмкін.
АҚШ президенттік сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бұл елдің 60-шы Президенттік сайлауы болады.
Байден абортқа рұқсат беру, демократия мен сайлау құқығын қорғау, америкалықтарға әлеуметтік кепілдік беруді өз кампаниясының басым бағыты ретінде санайтынын атап өтті.