Мамыр-маусым айларында таргеттелетін инфляция көлемі анықталады

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Алдағы бірнеше айда таргеттелетін инфляция деңгейін көтеру мәселесін Ұлттық банк пен қаржы саласының сарапшылары бірлесе зерделеп жатыр.

«Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында тәуелсіз сарапшылар инфляцияның оңтайлы таргетін анықтау және оны тұрақтандыру бойынша монетарлық саясат жүргізуге қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Ұлттық Банк пен академиялық қауымдастықтың өкілдері конференция қатысушыларына ортамерзімді кезеңдегі тұтынушылық бағаның динамикасына қатысты мәліметтерді, инфляция бойынша мақсатты бағдарларды белгілеу және оған қол жеткізу бойынша зерттеулер қорытындысын жариялады.

Ұлттық Банк ғылми зерттеулерге сүйене отырып, алдағы бірнеше айда таргеттелетін инфляцияны 5-7% деңгейіне көтеру мәселесін қарастырып жатыр.

«Конференция барысында экономика саласының мамандары өз зеттеулерімен бөлісті. Ғалымдарымыз 5% немесе 5-7% деңгейіндегі оңтайлы таргет мөлшерлемесін ұсынып жатыр. Біз микродеректер мен басқа мемлекеттедің макроэкономикалық жағдайымен салыстыру арқылы мамыр-маусым айларында таргеттелетін инфляция көлемін анықтайтын боламыз. Бұл мәселені елдегі сарапшылармен бұл мәселені талқылауға ашықпыз. Біз шешім қабылдамас бұрын барлық мәселелерді академиялық қауымдастықпен ақылдаса отырып шешуді жөн санап отырмыз», деді ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Сонымен қатар банк өкілі Қазақстан үшін оңтайлы таргеттелетін инфляция мөлшерлемесі 5-7 % деңгейінде екенін, егер шешім қабалдаса, осы мөлшерлемесінде қабылданатынын айтты.

«Бірақ бұл – таргеттелетін инфляция көлемі елімізде ешқашан 4% деңгейге түспейді дегенді білдірмейді. Қазіргі жағдайды соның ішінде әлемді толқытқан экономикалық шоктарды ескере отырып, орта мерзімді болашаққа инфляция таргетінің мөлшерін белгілеу қажет болып тұрғанын айтқымыз келеді. Біз шешім қабылдамас бұрын мемлекекеттік органдармен жан-жақты талқылайтын боламыз. Қазіргі таңда оның ғылыми тұрғыдағы әсерін зерттеп жатырмыз. Сол ғылыми зерттеулер нәтижесінде біз Қазақстанның таргетеллетін инфляциясының деңгейін қазіргі көрсеткіштерден сәл жоғары екенін анықтадық», деп түсіндіреді банк басшылығы.

Ал ақша массасына келер болсақ, банк өкілдері зерттеулерде ақша массасы да ескерілгенін, ақша массасы соңғы жылдары табиғи деңгейде көтеріліп жатқанын айтты.

Негізінен Ұлттық Банктің 2021 жылы бекіткен ұзақ мерзімді стратегиясында тергетті инфляция деңгейі 3-4% деңгейінде қабылданған.

Алайда, әлемдегі болып жатқан жағдайлар, геосаяси ахуал бүкіл ел экономикасына өз әсерін тигізіп жатыр. Осы орайда инфляция таргеттен қаншалықты алшақтады? Бұл өзгерістер Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясатына қалай әсер етті? Осы мәселелерді мамандар толық зерттеп, ұлттық экономикамызға тиімді шешім шығаруға тырысатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк сарапшылары Ұлттық банк жыл соңына дейін инфляцияны 9-12%-ға жеткізу мүмкіндігі бар деп санайтынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз