Өңірлік квота бойынша қандастарға 200 мың теңгеден аса субсидия беріледі
Фото: kursiv.media
Өңірлік квота қандастарды Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарын қоныстандыру үшін бөлінеді.
«Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. Қызмет қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға квота беруді көздейді. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар қызметі хабарлайды.
Бұл ретте өңірлік квотаға кірген қандастарға субсидиялар яғни, отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК -3 450 теңге) біржолғы төлем және 12 айға жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын жабуға (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде) мемлекеттік қолдау көсетіледі.
Сонымен қатар, қандас мәртебесін алған этникалық қазақ мына қызметтерді ала алады:
- ҚР аумағына кірген кезде көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлікке кедендік төлемдерді төлеуден босату;
- қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында тегін бейімделу және интеграциялық қызметтермен қамтамасыз ету;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің оқу ұйымдарына түсуге квоталар шеңберінде білім алу (Қазақстан Республикасында азаматтығы ұлты қазақ адамдар үшін квота 4% мөлшерінде белгіленген);
- Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралармен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға өтініш беру мүмкіндігі.
Бұдан бөлек, 2023 жылғы наурыздан бастап тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді.
Жаңа қызметті eGov.kz порталында «Азаматтарға» – «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінен табуға болады. Дәл осы қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде де бар.
Өтінім беру үшін пайдаланушыға:
- дербес деректерді пайдалануға келісімді растау керек;
- квота беретін аймақты таңдау қажет;
- өтініш беруші туралы мәліметтерді толтыру керек;
- қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен паспорттың көшірмесі енгізу керек;
- неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмелерін (бар болса) қосу;
- белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін қосу;
- өтінішке бір реттік парольмен немесе ЭЦҚ арқылы қол қою.
Қызмет нәтижесі қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім немесе бас тарту туралы жауап түрінде Жеке кабинетте 14 жұмыс күні ішінде пайда болады.
Толық бейненұсқаулық мында: