Құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Маңғыстау облысында құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды.

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты «Тазалық-С» ЖШС сенімгерлік басқаруына  берілген.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы анықтағандай, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.

Атап айтқанда, комбинат арнайы техникамен  қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған.

Апелляциялық сатыда да сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сондай-ақ оқыңыз