Halyk Finance Ресей мен Белорусь азаматтарының KASE құралдарымен жұмыс істеуін шектейді

Жарияланды
KASE
Фото: Shutterstock

27 сәуірден бастап, «Halyk Finance» Ресей мен Белорусь азаматтарының KASE Global және өзге KASE құралдарымен жұмыс істеуіне шектеу қояды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында ақпараттық хабарлама берілді.

«Halyk Finance» АҚ осы арқылы Сізге «Қазақстан қор биржасы» АҚ-нан Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы азаматтарының шоттарын сегрегациялау (міндетті түрде бөлу) қажеттілігіне қатысты хабар алғанын мәлімдейді. Нақтыласақ, «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ деңгейінде теңгеден басқа валютада номинацияланған бағалы қағаздар, Euroclear және Clearstream халықаралық есеп айырысу депозитарийлері арқылы есеп айырысу құралдары үшін», делінген хабарламада.

Сегрегация 2023 жылдың 1 мамырынан кейін басталады. Осы күннен кейін KASE-де жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу кешігіп, бұл дефолт жағдайларына және биржа тарапынан айыппұл салынуына әкеп соғуы мүмкін.

KASE операциялары бойынша дефолт тәуекелдерін азайту үшін «Halyk Finance» АҚ Ресей және Беларусь азаматтарының KASE Global секторында және KASE-дегі шетел валютасында көрсетілген басқа да құралдармен жұмысты шектеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз