Семейдің «Елім ай» футбол клубы қаржылай қолдау алады
«Фридом Финанс» АҚ Семей қаласының «Елім ай» футбол клубына қаржылай қолдау көрсетеді. Демеуші есебінен «Спартак» стадионында соңғы буындағы итальяндық жасанды көгал төселіп өлшемі 15х3.84 метр электрондық табло (сыртқы LED экранды) орнатылады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Семей қаласының футбол клубтары әрдайым жоғары кәсіпқойлығымен ерекшеленеді және біріншіліктерде үздік нәтижелер көрсетуде, бұл тым кездейсоқ емес, дәл осы қала заң бойынша қазақстандық футболдың отаны болып есептеледі», деді «Фридом Финанс» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Лукьянов.
Сонымен қатар ол серектестік тек команданың дамуына ғана емес, сондай-ақ өңірде футболға қызығушылықтың артуына септігін тигізетініне, клубтың материалдық-техникалық базасының күшеюінің арқасында жарыстарды биік деңгейде өткізуге мүмкіндік береріне сенім білдірді.
Спортты қолдау – Freedom тобының жауапты инвестициялауға және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асыруға тигізген үлесі.
Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Серіктестік балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды, сондай-ақ футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Одан бөлек, меморандум жаттығулар мен әуесқой футболдан жарыстар өткізу үшін өңірлерде футбол алаңдарын салу аясындағы ынтымақтастықты көздейді.
2023 жылғы наурыз айының басында Freedom Holding Corp. QJ League жасөспірімдер футбол лигасының бас серіктесі әрі демеушісі атанды.
«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE-те және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгіленімдерін қолдау, қарыз және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша маркетмейкердің қызметтерін, сондай-ақ, қаржылық консалтинг саласындағы қызметтерді ұсынады. Компания Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен орналастырылған (15.10.2019 ж.). Freedom Holding Corp. қызметі Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссиямен (SEC, АҚШ) реттеледі.