Жазда су мен электр энергиясына тариф қымбаттайды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Биыл жазда электр қуаты мен су, жылу бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында айтты.

Министр тарифтердің бірден емес, біртіндеп көтерілетінін жеткізді.

«Жазға қарай тариф өседі. Бірақ оны ақырындап, көтереміз, өйткені тарифтер халыққа қолайлы болуы керек. Орташа алғанда бір жерде 10%, қыбаттаса, келесінде 30% көтерілуі мүмкін. Біз ресурстарды үнемдеп пайдалануымыз керек», Әлібек Қуантыров.

Министр осы саладағы мамандардың жалақысын көтеру үшін тариф қымбаттайды дейді. Өйткені айлығы аз болған соң, білікті мамандар басқа салаға кетіп жатыр.

Тариф қымбаттауының тағы бір себебі – жылу электр станциялары, жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту. Кейбір өңілдерде олар 80 пайыз тозып тұр. Министр жаңа тариф жазылған түбіртектер тұрғындарға күз айларында келе бастайды деді.

Бұған дейін Қуантыров қазақстандықтар жылу тарифінің көтерілгенін биылғы көктемде сезінетінін айтқан болатын. Оның мөлшері нақты аймаққа және ЖЭО-ның тозу деңгейіне байланысты болады. Коммуналдық қызмет тарифі 10 пайыздан 45%-ға дейін қымбаттайды деп күтілген.

Жақында «Самұрық-Энерго» басшысы Серік Түйтебаев Қазақстанның электр станциялары шығынға батып отырғанын, сондықтан электр энергиясы қымбаттайтынын айтқан еді.

 Энергетика министрлігі былтыр жылу электр станциялары мен желілерінің жай-күйіне тексеріс жүргізген. Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апатты жағдайда тұр. Бүкіл ЖЭО жабдықтары 66 пайызға тозған. Министрлік оларды жөндеуге 182 млрд теңге қажет деді.

Сондай-ақ оқыңыз