Қазақстан қайталама санкция салынуын болдырмас үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлім етті, деп жазады «Курсива» тілшісі.
«Комплаенс-қызметтер күшейтілді, және есеп айырысуда шетелдік валютаны қолдануға, санкция тізіміндегі тұлғалармен жұмыс істеуге қатысты түрлі талаптардың барлығы да сақталуда», — деп мәлімдеді Әбілқасымова.
Оның айтуынша, Қазақстан отандық банктер реттеушілерінің де және тиісті сыртқы банк-коореспонденттердің де өздеріне қойылған талаптарын орындап отыр
«Қазір сауда операцияларын жүргізу кезінде екінші деңгейлі банктер санкцияны айналып өту үшін қолданылмағаны маңызды. Бұл да өте маңызды, және осы комплаенс-процедураларды екінші деңгейлі банктер де ескеріп отыр», — деді ҚНРДА төрағасы.
Бұған дейін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг Ресей Федерациясына Батыстың санкцияларынан жалтаруға көмектесетін қазақстандық компаниялар мен банктерге қайталама санкция қаупі артып келе жатқанын мәлімдеген болатын.