Алматы қаласында 2024 жылы тағы бір жолайрық қолданысқа беріледі

Жарияланды
жолайрық
Фото: kolesa.kz

Алматыдағы Сайын көшесін ұзарту жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Алатау» ауданы тұрғындарының кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Дос аев мәлімдеді.

«2024 жылдың II тоқсанында Сайын және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрық салу көзделген. Соның нәтижесінде қаланың негізгі магистралды көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінде, сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды», – деді қала әкімі.

Оның дерегінше, Алатау ауданының бюджеті 8,2 млрд.теңгеден 30,6 млрд. теңгеге дейін 3,7 есе ұлғайған.

Алатау ауданының әкімдігі жақын арада «Теректі», «Алғабас», «Болашақ», «Шапағат» шағын аудандарында ұзындығы 150 км инженерлік желі жүргізуге кіріседі. Алматы әкімінің дерегінше, бүгінде мердігерлер анықталды. Жұмыс биыл мамыр айында басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биыл ақпан айында «Саялы» және «Қарасу» шағын аудандарында жоспарлы қуаттылығы ауысымына 200 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Оның құрылысы 2024 жылдың І-ші тоқсанында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз