Бас прокуратура Күдебаевтың ұсталуына қатысты ресми ақпарат таратты

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы С.М. Күдебаев ұсталғанын ресми түрде хабарлады.

«Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы С.М. Күдебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды. Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды» делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде таралған Күдебаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз