Елдегі екі гидроэлектростания «Самұрық-Қазына» Қорының иелігіне өтті

Жарияланды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Өскемен және Шүлбі гидроэлектрстанцияларына иелігіне алғанын Қазақстан қор биржасына хабарлады.

Комапанияның KASE-ге ұсынған ақпаратына сәйкес, «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «АЭС Өскемен ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% акциялары енді «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі екені жазылған.

Алайда, бұл мәмілелер қашан, қалай жүзеге асқаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Тек, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына бұдан өзге 23 компания кіретіні және олардың акцияларының қанша пайызы Қорға тиесілі екені жазылған.

Бұдан бұрын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына бюджеттен 30 жыл мерзімге, 0,5%-бен 162 млрд теңге несие берілетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз