Елімізге қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөліктер заңдастырылады

Жарияланды
заңдастыруі
Фото: Ашық дереккөздерден

Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы Министрліктің ақпараттық порталы жария етті.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде.

«Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз», деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Елімізде 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүріп жатыр. ІІМ дерегінше, 3 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданған. Соның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз