Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий – Дин Лижэнь 13-ші партияда тең түсті
Жарияланды

Астанада әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий мен Динь Лижэнь арасында өтіп жатқан шахмат матчының 13-ші партиясы аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бүгінгі кездесуде қос шахматшы тең түсті. 13-ші партия 39 жүріспен аяқталды. Әзірге жалпы есеп бірдей – 6,5:6,5.
Әлем чемпионы атағы үшін тартысты бәсекенің 14-ші, яғни шешуші партиясы 29 сәуірде өтеді. Егер ол кезде есеп тең болса, онда шахматшылар үшін 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Бұл кезеңнен кейін де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақтық партия» бар.