Алдағы 50 жыл ішінде Жапония халқы 87 миллион адамға дейін азаюы мүмкін. Тиісті болжамды Жапонияның Ұлттық халық және әлеуметтік қауіпсіздікті зерттеу институты жариялады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Мәселен, 2070 жылға қарай елдегі халық саны 2020 жылмен салыстырғанда 30 пайызға аз болады.
Жаңартылған болжамға сәйкес, 2020 жылы 126,1 миллион адамды құрайтын Жапония халқының жалпы саны 2056 жылы 100 миллион адамға азаяды.
Жапонияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолдайтын 15 пен 64 жас аралығындағы жапон халқының саны 2020 жылы 75 миллион адамды құрады. Институт 2070 жылға қарай бұл сегмент 45,3 миллион адамға дейін қысқарады деп есептейді.