Биыл жыл басынан бері бүкіл әлемде технология саласында еңбек ететін 183 мыңнан аса адам жұмысынан айырылды. Бұл туралы Layoffs.fyi порталының зерттеулеріне сілтеме жасап, Интерфакс жазады.
Ақпаратқа сәйкес, қаңтар айының ортасынан бастап, көрсеткіш 7 еседен астам ұлғайған.
Layoffs.fyi мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылы техсекторда бтолған қысқартулар саны өткен жылғы көрсеткіштерден анағұрлым жоғары болуы мүмкін. Өйткені жыл басынан бері 613 техкомпания 183,72 мың адамды қысқартқан. Өткен жылы мыңнан аса компания 154,34 қызметкерін қысқартқан екен.
Өткен аптада Meta Platforms Inc. (SPB: META) қызметкерлерін қысқартатын мәлім етті.
Биыл қызметкерлер санын қысқартатыны туралы мәлім еткен техкомпаниялардың арасында, америкалық Amazon.com Inc. (SPB: AMZN), Electronic Arts (SPB: EA), Roku Inc. (SPB: ROKU), Palantir Technologies (SPB: PLTR), Twilio Inc. (SPB: TWLO), DocuSign Inc. (SPB: DOCU), Salesforce Inc. (SPB: CRM), Zoom Video Communications (SPB: ZM), eBay (SPB: EBAY), Dell Technologies (SPB: DELL), PayPal Holdings (SPB: PYPL), International Business Machines (SPB: IBM), Intel Corp. (SPB: INTC), Microsoft Corp. (SPB: MSFT), Alphabet Inc. (SPB: GOOG), және немістің SAP және шведтің Spotify Technology фирмасы да бар.