Chevron компаниясы тоқсандық таза кірісті 5%-ға арттырды

Жарияланды

АҚШ-тағы ең ірі мұнай компанияларының бірі – Chevron Corp 2023 жылдың I тоқсанында таза кірісті 5%-ға арттырды. Корпорация ағымдағы жылы өз акцияларын сатып алу көлемін ұлғайту ниеті туралы мәлімдеді. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Компанияның қаңтар-наурыз айларындағы таза кірісі 6,574 миллиард долларды немесе бір акцияға 3,46 долларды құрады.

Көмірсутектер бағасының төмендеуіне байланысты, компанияның кірісі 6,6% – ға төмендеді. Сондай-ақ, сатудан түскен табыс 6,6%-ға азайып, $48,842 млрд құрады.

FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар компанияның түзетілген кірісін орташа есеппен бір акцияға $3,4, сатудан түскен кірісі $ 48,6 млрд деп бағалады.

Chevron компаниясының өндірісі тәулігіне 2,979 млн баррель мұнай эквивалентін құрады. Бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 2,7% – ға төмен.

Бірінші тоқсандағы ақша ағыны бір жыл бұрынғы кезеңдегі $6,1 млрд-пен салыстырғанда $ 4,2 млрд құрады. Инвестициялар $2 млрд-тан $3 млрд-қа дейін өсті.

Сондай-ақ оқыңыз