Жаңалықтар

Газет-журналдарға kaspi.kz арқылы жазылуға болады

Фото: kursiv.media

Енді еліміздің газет-журналдарына kaspi.kz қосымшасы арқылы жазылуға болады. Қосымшада әзірге 18 басылым бар. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алтыншы рет өткізіліп жатқан Qazaq Forum отандық онлайн контент жасаушылардың форумында мәлімдеді.

«Kaspi Bank»-пен де әріптестік байланыс орнатып, баспасөзге онлайн жазылу бойынша келісімге келдік. Мұндай қадамдар жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, олардың қатарын арттырады деген сенімдеміз”, – деді министр.

Qazaq Forum-ға медиа саласының мамандары мен блогерлер қатысып жатыр.