Индонезияда кеме аударылып, 11 адам қаза тапты
Жарияланды

Индонезиядағы қайғылы оқиға салдарынан 11 адам қайтыс болды, біреуі жоғалып кетті. Жолаушылар паромы Суматра аралының шығыс жағалауында аударылды. Бұл туралы «Хабар 24» елдің ұлттық іздеу-құтқару агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Бортта 70-тен астам адам болған. Паром аралдардың біріне қарай бет алған, бірақ жол бойында бөренеге тап болды. Жергілікті тұрғындар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті.
Билік бұл оқиғаны тергеуге кірісті.