«Қазатомөнеркәсіп» 3 айда 4744 тонна уран өндірген
Фото: компанияның баспасөз қызметі
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» 2023 жылдың 3 айында 4744 тона уран өндірген. Былтыр дәл осы кезеңдеде өндіріс көлемі 4954 тоннаны құраған. Әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания 2023 жылдың І тоқсанындағы операциялық нәтижелерін жариялады.
«2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндіріс көлемі 100% негізде де, меншік үлесіне пропорционалды түрде де 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәл төмен болды, бұл 2023 жылға да, 2023 жылдың бірінші тоқсанына да өндірістік жоспардың, атап айтқанда, компанияның бұрын жарияланған күтулеріне сәйкес шамалы төмендеуіне байланысты», делінген хабарламада.
Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылғы 1 тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері
31 наурызда аяқталған үш ай | |||
(егер басқаша көрсетілмесе, U3O8 тоннамен) | 2023 | 2022 | Өзгеріс |
Өндіріс көлемі (т.уран) (100% негізде)2 | 4 744 | 4 954 | (4%) |
Өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) (т.уран) 3 | 2 517 | 2 685 | (6%) |
Топ бойынша сату көлемі (т.уран) 4 | 6 142 | 2 596 | 137% |
ҚАӨ сату көлемі (топ бойынша сату көлеміне енгізілген) (т.уран) 5 | 6 142 | 2 355 | 161% |
Топ бойынша орташа сату құны (АҚШ долл./фунт U3O8)6* | 46,75 | 39,36 | 19% |
ҚАӨ мәмілелері бойынша орташа сату құны (АҚШ долл./фунт U3O8)7* | 46,75 | 37,74 | 24% |
Айдың соңына споттық бағалардың орташа құны (АҚШ долл./фунт U3O8)8* | 50,68 | 50,01 | 1% |
Айта кету керек, Қазатомөнеркәсіптің өндіріс бойынша бұрын мәлімделген күту ауқымы және 2023 жылға арналған өндірістік жоспар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың минус 20% деңгейіндегі көлемдерге сәйкес келеді.
«Бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы фактімен салыстырғанда 2023 жылға арналған Өндіріс бойынша болжамды көрсеткіштердің төмендеуі технологиялық блоктарды (ұңғымаларды) пайдалануға берудің кідірістерімен, 2022 жылы материалдар мен жабдықтарды жеткізудің кідірістерімен байланысты. Компания ұңғымаларды пайдалануға беру кестесінің артта қалуын нивелирлейді және қазіргі уақытта 2023 жылға арналған жылдық өндіріс көлемін күтудің ағымдағы деңгейін сақтайды деп жоспарланған» деліген есепте.
Уранның спот бағасының жоғарылауына байланысты 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы сатудың орташа бағасы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары болды. Компанияның қазіргі келісімшарттық портфелі уранның спот бағасымен байланысты. Алайда, 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жеткізілімдер спот бағасының күрт көтерілуіне дейін келісілген белгіленген бағаны қамтығандықтан, сатудың орташа бағасы айдың соңындағы орташа спот бағасынан сәл төмен болды.
Қазатомөнеркәсіп тобы «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС еншілес ұйымын – күкірт қышқылын өндіру зауытын құрды. Күкірт қышқылы зауытының құрылысын 2024 жылы бастау жоспарлануда, ал өндірісті іске қосу және жылына 800 мың тонна толық жобалық қуатқа шығу 2026 жылы күтіліп отыр. Заңды тұлғаның қатысушылары – тиісінше 49% үлесі бар Қазатомөнеркәсіп, 25% үлесі бар «РУ-6» ЖШС және 26% үлесі бар «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС.
Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының құрылымындағы тағы бір корпоративтік өзгеріс – «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС-мен 2021 жылғы 30 желтоқсанда жасалған мәміле шеңберінде «Каустик» АҚ-дағы компания үлесін іске асыру процесінің аяқталуы. Қазатомөнеркәсіп «Каустик»АҚ қалған 28% акциясы үшін төлем алды. Қазатомөнеркәсіптің «Каустик» АҚ-дағы үлесін сатудан түскен жалпы сома сыйақыны (163 млн теңге) ескере отырып, шамамен 1,4 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (министрлік) мен «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС арасында Қанжуган және Шығыс Мыңқұдық кен орындарында уран өндіруді жүргізуге арналған келісімшарттарға толықтыруларға қол қойылды. Келісімшарттарға толықтырулар жер қойнауын пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімін 2047 жылға дейін Канжуған кен орны бойынша, ал Шығыс Мыңқұдық кен орны бойынша 2027 жылға дейін ұзартуды көздейді.
Сол күні Министрлік пен «РУ-6» ЖШС арасында Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында уран өндіруді жүргізуге арналған келісімшартқа қосымша қол қойылды. Келісімшартқа қосымша жер қойнауын пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімін аталған екі кен орны бойынша 2040 жылға дейін ұзартуды көздейді.
Бүған дейін британдық Yellow Cake (уран тотығы мен шала тотығы концентратын сатып алу мен сақтауға маманданған британдық инвеcтициялық қор) 2023 жылдың I тоқсанында «Қазатомөнеркәсіптен» 1,35 миллион фунт уран сатып алатынын хабарлаған.