Global Ratings агенттігі QazaqGaz компаниясының рейтингін көтерді
Фото: ktga.kz
Global Ratings агенттігі «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның рейтингін көтерді. Рейтинг «BB»деңгейінен «BB+» деңгейін жеткен, болжам – «Тұрақты». Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлайды.
«Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «QazaqGaz «Ұлттық компаниясы» АҚ S&P рейтингілік агенттігі биыл 25 сәуірінде қоғамның ұлттық және шетел валютасындағы кредит рейтингтерін «BB»деңгейінен «BB+» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты» деп KASE-ге хабарлады», делінген ақпаратта.
«QazaqGaz «Ұлттық компаниясы» – отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддеcін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ компаниясы. Ол геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған компания.
«QazaqGaz» ҰК «АҚ «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы, жалпы ұзындығы шамамен 76 мың км газ құбырын, оның ішінде жылдық өткізу қабілеті 267,8 млрд. м3 дейінгі 20 мың км магистральдық газ құбырларын және ұзындығы шамамен 56 мың км газ тарату желілерін пайдаланады.
QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов компания 2025 жылы IPO-ға шығуға дайын деп мәлімдеді.