Қазақстандықтар Астана күніне орай шілде айында 4 күн демалады
Жарияланды

Астана күнін қазақстандықтар төрт күн демалатын болады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.
«Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады» делінген хабарламада.
Айта кету керек, 6 шілде Қазақстантың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні.