Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне төрағалық етеді

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөздерден

Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ Банк аралық бірлестігі кеңесінің XX отырысына 2023 жылғы 26 қазаннан 2024 жылғы 25 қазанға дейінгі төрағалық ететін болды. Бұл туралы қаржы құрылымының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл шешім 26 сәуірде Үндістанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі кеңесінің (ШЫҰ БАБ) XIX отырысы барысында қабылданды. Іс-шараға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне мүше банктер қатысты.

«БАБ кеңесінің отырысы Үндістанның Лимитед инфрақұрылымдық қаржы компаниясының төрағалығымен өтті. Мүше банктер экономиканың басым салаларында, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістер, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, ұлттық экономикалардың цифрлық трансформациясын дамыту саласында бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, ШЫҰ БАБ әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігін талқылады» делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның даму банкі Чехияның екі қаржы институтымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойған еді. Екіжақты кездесуде Чехияның мемлекеттік экспорттық-сақтандыру компаниясы – Export Guarantee and Insurance Corporation (EGAP) ұйымы және ҚДБ Чехия экспорттық банкімен ынтымақтастық туралы уағдаласқан болатын.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банктің негізгі мақсаттары – мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру; өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту; ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Банкаралық бірлестігі (ШЫҰ МБО) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің 2005 жылғы 26 қазанда ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық кеңістігінде инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету тетігін құру туралы шешімін орындау үшін құрылды.

.

Сондай-ақ оқыңыз