Сарапшылар онлайн кредит беруді тоқтатуды ұсынды

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Онлайн несиелеу халықтың қарызға белшеден батуына себеп болып отыр. Бұл туралы Коллекторлық нарықты жаңарту және ондағы өзекті мәселелерді қарастыруға арналған «Жаңа Қазақстандағы жаңарған Collection» атты конференциясында тәуелсіз сарапшылар мәлімдеді.

Бүгінгі таңда проблемалы борышкерлер саны көбейген.

«Берешегін өтей алмайтын борышкерлердің пайда болуына көп жағдайда қаржы институттарының өздері себеп болады. Қазір онлайн кредиттеу бар. Халықтың қарызға белшеден батуына себепші болып отыр. Өйткені онлайн кредитті алаяқтар да оңай пайдаланады», дейді банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы, қоғам қайраткері Нұржан Биякаев.

Сонымен бірге маман осы қарызды өндіру үшін коллекторлардың заңнаманы бұзатын жағдайлар жиі кездесіп жататын айтты.

«Қазіргі таңда коллекторлар борышкердің туған-туыстарына хабарласып, мазалап жатады. Алайда бұл «Коллекторлық қызмет туралы» заңға сәйкес құқық бұзушылық болып саналады. Бұл заңға сәйкес коллектор тек борышкермен ғана жұмыс істеуі керек, ал үшінші жақтың бұған еш қатысы жоқ. Өкінішке қарай біздің елде коллекторлар осы тәртіппен жұмыс істейді. Коллекторлардың жұмысының көбеюіне қаржы институтаттарының өзі себепші болып отыр. Өйткені банктер көбірек несие беруді көздейді. Егер бакнтер мен МҚҰ пруденциалды нормативке сәйкес қарыз жүкетемесінен аспайтын болса, проблемалы борышкерлер саны автоматты түрде азайып, коллекторлардың жұмысы жеңілдейтін еді», дейді маман.

Елімізде микро қаржы ұйымдарындағы проблемалы кредиттердің деңгейі 5,4%-ды құрап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз