Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына орталық аппараттың неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы келді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс тобының алдында «Өзенмұнайгаз» АҚ-да тендерлерді өткізу кезінде заңдылықтың сақталуы және ашықтықтың қамтамасыз етілуі мәселелерін зерделеу міндеті тұр.
Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайларының нашарлауымен және жалақының төмендеуімен байланыстыратыны белгілі.
Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алуларын ықтимал бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдайды.
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының және жалпы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілуде.
Талдаумен инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, туризм және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру салаларындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ өңір үшін басқа да маңызды бағыттар қамтылуда.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері қоғамға жеткізілетін болады.