Еуроодақта Украинадан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттау бойынша ортақ шешімге келді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Бұған дейін аймақтың бірнеше елдері – Польша, Венгрия, Словакия және Болгария – астық пен басқа да тауарларды импорттауға тыйым салған. Осылайша үкіметтер бұрын наразылық акциясына шыққан фермерлерін қорғауға ниетті болды.
Естеріңізге сала кетейік, ЕО өткен жылдың мамыр айында Украинадан әкелінетін барлық өнімдерге кедендік баждарды тоқтатты. Бұл жергілікті еуропалық тауарлардың бағасының төмендеуіне әкелді.
Енді Еуропада олар украин өнімдерінің транзитіне кепілдік беру және шектеулерді алып тастау туралы келісті.
Еурокомиссия сонымен қатар бес елдегі зардап шеккен фермерлерге қосымша 100 миллион еуро көмек көрсетуге уәде берді.